Жаңалықтар

Қазақстан мен Армения ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Армения ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрі 26.06.2024 22:48 577

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көлемі 0,8%-ға өскен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын ұлғайтуға үлкен әлеует бар. Арменияға АӨК өнімдерінің экспорты 2,9 млн. долларды, импорт - 6,3 млн. долларды құрады. Өткен жылы жеміс шырындары, минералды және газдалған су, ашытылған сусындар мен консервіленген көкөністер түріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты ұлғайды. Армениядан жаңа піскен жемістер мен ерте піскен көкөністер, жаңғақтар жеткізу, кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад, сүт өнімдерін жеткізуді арттыру қажеттілігі бар, ет пен ет өнімдерін, күнбағыс майын экспорттау бойынша әлеует толық көлемде пайдаланылмайды. Аграрлық ғылым мен білім берудің маңыздылығын назарға ала отырып, ғылыми-зерттеу қызметі, білім, тәжірибе және технологиялар алмасу саласындағы АӨК бағыты бойынша ынтымақтастықты жандандыруды ұсынамыз, - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Армен Гевондян бірқатар ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, армян тарапы селекция, тұқым шаруашылығы, ҚР-дан Арменияға астық жеткізу мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі.

Қазақстан дәнді дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша алдыңғы қатарда. Сіздердің бидайларыңыз дәнді дақылдардың жоғары болуымен ерекшеленеді және оны Арменияға жеткізуді жолға қойғым келеді. Осы мәселеде көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Бізді фитосанитариялық қауіпсіздік және ветеринария мәселелері де қызықтырады, - деді Елші.

Кездесу қорытындысы бойынша дәнді және бұршақ дақылдардың құрғақшылыққа төзімді сорттарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемін ұлғайтуға бағытталған бірлескен шаралар қабылдау, тәжірибе және технологиялар алмасу, сондай-ақ селекция, тұқым шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осы бағыттардағы әріптестікті дамыту екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі елдің ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға