Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ мамандары конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жобаларды талқылады

Қазақстан мен АҚШ мамандары конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жобаларды талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 06.07.2024 13:41 616

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов АҚШ-тың «LYN Community» ҮЕҰ-ның президенті У. Кусакпен және «IRF Secretariat» бас директоры Грег Митчеллмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында тараптар республикадағы әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Америкалық тарап Комитеттің діни бостандық және конфессияаралық диалог орнату мәселелерін талқылау бойынша іс-шараларды өткізуге көмек көрсетіп жатқанына алғысын білдірді.

Кездесу соңында Ержан Нүкежанов Комитет конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Сонымен қатар екі тарап арасында жемісті ынтымақтастық орнап, өзара түсіністікте жұмыс жасайтынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға