Жаңалықтар

Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға ашық – Смайылов

Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға ашық – Смайылов
Фото: t.me/KZgovernment 24.10.2023 13:46 770

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астана қаласында өтіп жатқан ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып өз аумағында ЕӨК сессиясын өткізіп отыр.

Оған ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге, сондай-ақ әлемнің 54 елінен келген денсаулық сақтау министрлері, вице-министрлері және медицина саласындағы сарапшылар қатысып жатыр.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов Қазақстан үшін азаматтардың денсаулығы ең негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықты медициналық қызметтермен қамтуда елеулі прогреске қол жеткізілді, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді.

Біз аурулардың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыс жүргізіп келеміз, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр республикада алғашқы медициналық-санитариялық көмектің бір-біріне байланыстырылған инфрақұрылымы құрылғанын атап өтті.

Әр өңірде бір отбасыға толығымен қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін үздік практика орталықтары бар.

Жалпы бүгінде МСАК-ты қаржыландыру жалпы көрсеткіштің 56%-ын құрайды.

Өткен жылы ҚР Үкіметі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын бекітті.

Оның аясында 655 жаңа алғашқы көмек нысаны іске қосылып, ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 32 аудандық аурухана жаңғыртылады.

Қорытындылай келе, премьер-министр Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.

Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына септігін тигізетін идеяларды ұсынуға дайынбыз, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Бейжің олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы - Бақыт Сәрсекбаев Павлодар қаласында туылғанмен, осы Бостандық ауданының Табақсай ауылындағы атасы мен әжесінің қолында өскен, тәрбиеленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға