Қазақстан Мароккоға астықтың алғашқы партиясын жіберді
01.05.2025 12:03
Фото:
©El.kz
Қазақстан Мароккоға астықтың алғашқы партиясын жөнелтті. Бұл жөнінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астық Жаңа-Есіл және Сарыкөл станцияларынан 105 астық тасығыш вагонға тиеліп жөнелтілді. Жүк Латвия арқылы темір жолмен Лиепая теңіз портына жеткізіледі. Сол жерде астық Африка бағытындағы кемелерге тиеліп, Мароккоға жол тартады.
Жөнелтілген астық Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген.
Бұл жеткізілім — Қазақстан мен Марокко арасындағы астық саудасы саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болып отыр. Ұлттық компания мұндай экспорттық маршруттар Қазақстан өнімдерінің әлемдік нарыққа шығуын кеңейтетінін атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

