Жаңалықтар

Қазақстан күрішті қай елдерге экспорттайды?

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстан күрішті қай елдерге экспорттайды?
Фото: baq.kz 06.12.2022 14:24 1489

Өткен жылы Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттаған. Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталды.

Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары - Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна) және Өзбекстан (26,7 мың тонна). ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар, бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға