Жаңалықтар

Қазақстан креативті индустрия бойынша әлемдік рейтингте 28 позицияға көтерілді

Қазақстан креативті индустрия бойынша әлемдік рейтингте 28 позицияға көтерілді
Фото: gov.kz 27.09.2024 07:27 396

Женевада (Швейцария) Global Innovation Index-2024 (GII) беделді әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар білім, ғылым, бизнес, технология және инновация саласындағы жетістіктер – барлығы 80 көрсеткіш бойынша 130-дан астам елдің рейтингін жасады.
Қазақстанның креативті нарығында қарқынды даму серпіні байқалды. Ел «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-тен 65-орынға көтерілді.

Қазақстан «Ұлттық көркем фильмдер» көрсеткішінде де серпіліс жасап, 61-орыннан 31-орынға көтерілді.
Орталық және Оңтүстік Азияның аймақтық рейтингінде Қазақстан алғашқы үштікке еніп, Үндістан мен Ираннан кейінгі орнын сақтап қалды.
Global Innovation Index-ті БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) жасайды. GII рейтингі халықаралық бедел мен инвестиция тартуға айтарлықтай әсер етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға