Қазақстан көлік желісін ірі жаңғыртуды іске қосады
Қазақстанда алдағы жылдары тасымалдау көлемі айтарлықтай ұлғаяды деген болжам бар. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың сөзінше, экспорттық теміржол тасымалының көлемі 130 млн тоннаға дейін, автомобиль транзиті 6 есе артады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның бесеуі – теміржол және 8-і автомобиль дәліздері. Инфрақұрылымдағы «кедергілерді» жою бойынша шаралар қабылдануда. Оның ішінде жеткізудің жаңа бағыттары пысықталып, жүктердің жедел өтуі үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. ТХКБ бағыты бойынша, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша тасымалдаудың оң динамикасы байқалады. 2030 жылға қарай оның өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде.
2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Достық» стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тасымалдардың үздіксіздігін және магистральдық теміржолдардың қуатын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады, — деп мәлімдеді вице-министр.
2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады.
Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады.