Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті

Тоқаев Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті
Фото: Ақорда 15.01.2025 14:30 135

Қазақстан президенті Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға