Жаңалықтар

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.06.2023 12:47 818

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Иран бизнес форумында Сауда және интаграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жиын Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алиреза Пейман-Пактың Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды. Вице-министрдің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналым жылдан жылға артып келеді.

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 19,8%-ға артты. Осылайша, 528 млн долларды құрады. Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту - Қазақстанның сауда саясатының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға 250 млн доллар сомасына 75-тен астам тауар түрін қосымша жеткізуге дайын, - деді Сауда және интаграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Жиынға ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі өнімдерін, машина жасау тауарларын, туристік қызмет ұсынатын ірі және орта компаниялардың 100-ден астам өкілдері қатысуда. Олар Иранның іскер топтарына Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, ынтымақтастықтың артықшылықтары және Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету келешегін талқыға салды.

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға