icehockey.kz

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті

15.12.2023 06:32

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап. 

A тобында ойнайтын Сергей Старыцин шәкірттері бүгін Жапония хоккейшілерімен кездескен. Есепті жетінші минутта жапон командасы ашқанымен, қазақстандықтар үш периодта бір-бір шайбадан соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Венгрия, Дания және Франция командаларын жеңіп, өз тобында көш бастаған еді. Топтан жеңімпаз болып шыққан құрама элиталық дивизионға жолдама алады.