Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
12.12.2024 14:52
Фото:
ҚР ҰОК
26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канадада жастар арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы В тобында Оттава қаласында ойнап, топтық кезеңде Чехия, Словакия, Швейцария және Швеция командаларымен кездеседі.
16 желтоқсанда Астанадағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін хоккейшілер Канадаға аттанады. Онда дайындықты жалғастырып, екі жолдастық матч өткізеді: 19 желтоқсанда Германия құрамасына қарсы ойнаса, ал 21 желтоқсанда Орталық Канада хоккей лигасында (CCHL) өнер көрсететін «Хоксбери Хокс» жастар командасымен мұз айдынына шығады.
27 желтоқсанда Қазақстан құрамасы чемпионатты бастайды. Алғашқы матч шведтерге қарсы болмақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

