«Қазақстанның хоккей федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Азамат Айтхожин ҚХФ Бас директоры лауазымына сайланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Азамат Айтхожинның спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол Ол бірқатар ұйымдар мен ведомстволарда шешуші қызметтер атқарды, оның ішінде Астана қаласы туризм және спорт департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық нысандар басшысы болып қызмет етті. Әр жылдары «Астана» футбол клубын басқарған, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті, Атқарушы директоры және Бас хатшысы қызметтерін атқарды.
Көпжылдық тәжірибесі мен спорт саласындағы кәсіби біліктілігінің жоғарылығы шайбалы хоккейдің Қазақстан Республикасында әрі қарайғы дамуы мен насихатталуына ықпал етеді.
Сәкен Мұсайбековтің өкілеттіліктері оның «Барыс» хоккей клубының бас директорлығына тағайындалуымен байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

