Жаңалықтар

Қазақстан халықаралық гендерлік теңдік индексінің 62-орнында тұр

Қазақстан халықаралық гендерлік теңдік индексінің 62-орнында  тұр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.04.2024 10:37 962

Қазақстан халықаралық гендерлік теңдік индексі рейтингінде үш саты жоғарылады,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумында айтып өтті.

Қазақтан халықаралық гендерлік теңдік индексі бойынша 146 елдің арасында 62-орында тұр. 2022 жылы еліміз 65-орында болатын, - деп түсіндірді федерация төрағасы.

Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин әйелдер мен ерлер еңбекақысындағы айырмашылықты жою қажеттігін алға тартты.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, 2023 жылы ер азаматтар әйелдерге қарағанда 22%-ға көбірек табыс тапқан. Бұл тұрғыда ерлердің жалақысын төмендетпей, әйелдердің еңбекақысын арттыру арқылы теңдікті сақтау маңыздылығын алға тартамыз, - деп нақтылады Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға