Жаңалықтар

Қазақстан халқының 19,4% темекі тартады

Қазақстан халқының 19,4% темекі тартады
Фото: © Pixabay.com 21.10.2023 08:31 920

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың шілдесінде темекіні тұтыну бойынша ересек тұрғындар арасында жыл сайынғы кезекті сауалнама жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Ал сауалнама сұрақтарына 15 жастан асқан 11 829 үй шаруашылығының бір мүшесі жауап берген.

Нәтижесінде зерттелген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 19,4% (2022 жылы – 20,4%) немесе ерлердің 36%, әйелдердің 8,5% темекі тартады. Ауылдық жерлерде темекі тартатындардың үлесі – 19,6%, қалалық жерлерде – 19,3%. Темекі тартатын халықтың жалпы санының 92,3% өнеркәсіпте өндірілген темекіні тартады, - делінген мәліметте.

Темекі шегушілер тарапынан үйлерінде темекі түтінін жұтатын халықтың үлесі – 12,4%, оның 11,8% – темекі тартпайтындар. Жұмыс орнында темекі түтінінің әсеріне ұшырайтындар үлесі – 7,6%, оның 7,1% темекі тартпайтындар. Қоғамдық тамақтану орындарында сауалнамаға қатысқан респонденттердің 12,3% темекі түтінінің әсеріне ұшыраған, оның 11,6% – темекі тартпайтындар.

Темекі өнімдерін тұтыну – қатерлі ауруларды тудырады деп есептейтін респонденттердің үлесі 86,7%, сонымен бірге отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін тұтынуына қарсы болған респонденттердің үлесі небәрі 6,8%. Барлық жерде темекі тартуға толық тыйым салатын заңнамалық бастамалардың енгізілуіне сауалнамаға қатысқан респонденттердің 71,8% қолдау білдірді.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 29-38 жас тобы ішінде өсті, қалған жас топтарында керісінше төмендеді.

Қазақстан халқының 19,4% темекі тартады

Ұлттық статистика бюросы елдегі ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша зерттеуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ересек халықтың темекі тұтынуы» (ағылш. - GATS). бойынша жахандық зерттеудің халықаралық әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша 2020 жылдан бастап жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға