Қазақстан халқы Ассамблеясы соғыс ардагерлерін құттықтады
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысымен бірлесіп жеңімпаздар мен қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ассамблея жастары» өкілдері майдангерлердің үйіне барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауын жеткізіп, батырларға зор денсаулық тіледі.
Рзагул Байкешев Калинин облысында, Рыжов қаласында және Великий Луг қаласында шайқасқан. Ефрейтор Польша, Румыния және Венгрияны босату кезіндегі ұрыстарға қатысқан. Василий Антонович Сердюков Минск, Варшаваны азат етуге қатысып, Вислу, Одер, Шпре өзендерін басып өткен. Василий Антонович соғысты 1945 жылы 2 мамырда Рейхстаг қабырғасының жанында жеңіспен аяқтаған батыр.
Сурет: Қазақстан халқы Ассамблеясы
Владимир Иванович Дровосеков 1944 жылы Қызыл әскерге шақырылып, соғысқа аттанады. 3-ші Беларусь майданында ерлікпен күрескен ардагер.
Ардагерлер Ассамблея жастарына алғыстарын білдіріп, өмірде және жұмыстарында табысты болуларын тіледі. Елордада майдангерлерге Ассамблея жастарының өкілдері Ақбаржон Исмаилов, Тимур Джумурбаев, Меирбек Мендыгалиев, Валихан Бахретдинов, Нематилло Зкруллаев барып шықты.
Айта кету керек, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері өңірлерде мереке күндері ардагерлерді белсенді түрде құттықтайды. Аға буынға құрмет көрсету ұйым жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Сондықтан жастар тек Жеңіс күні қарсаңында ғана емес соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үнемі қамқорлық жасайды.
Сурет: Қазақстан халқы Ассамблеясы