Жаңалықтар

Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай эскпорттайды

Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай эскпорттайды
Фото: pixabay.com 13.01.2023 13:51 862

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың I тоқсанында Германияға 300 мың тонна қазақстандық мұнай транзитін жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Компания атап өткендей, Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі 2023 жылдың I тоқсанында Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 300 мың тонна Қазақстан мұнайын тасымалдауға растау алды.

«Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады», делінген «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

11 қаңтарда Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау мүмкіндіктері туралы мәселеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазір жылына 1,5 млн тоннаға дейін экспорттау көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға