Жаңалықтар

Қазақстан футзалшылары Иранды ұтты

Қазақстан футзалшылары Иранды ұтты
Фото: instagram.com/futsalkazakhstan 30.08.2024 21:07 397

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына даярлық аясында Иран құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Матч 4:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ал Қазақстан сапынан Джахангир Рашит, Дуглас, Ақжол Дәрібай мен Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты.

Естеріңізде болса, бұған дейін отандық футзалшылар Тәжікстан құрамасынан 3:0 және 4:3 есебімен екі рет басым түскен.

1 қыркүйекте Қазақстан Иранды Астанада қабылдайды. 8 қыркүйекте Аргентинамен (2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі) Алматыда жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындары 10 қыркүйекке дейін жалғасады. 15 қыркүйекте Өзбекстанда әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Испаниямен өткізеді. Бұдан бөлек топта Ливия және Жаңа Зеландия бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға