Қазақстан футболшылары Өзбекстанмен кездеседі
18.10.2024 14:34
Фото:
Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан U-15 құрамасы Talents Cup халықаралық турниріне қатысады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс 22 қазан - 26 қазан аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді.
Турнирде 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Қырғызстан, Бахрейн және Өзбекстан елдерінің 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамалары өнер көрсетеді.
Қазақстан U-15 құрамасы жарыстың әр қатысушысына қарсы бір ойыннан өткізеді.
Ұлттық академияның ойыншылары алдағы турнирге дайындықты Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өткізіп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

