Жаңалықтар

Қазақстан Елшісі Танзания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Танзания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 28.03.2025 23:47 1361

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Мозамбик Республикасындағы және Біріккен Танзания Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжанов Танзания Президенті Самия Сұлуху Хасанға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасына тоқталды. Саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті саясатты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті.

Танзания Президенті Қазақстанның осы елдегі тұңғыш Елшісі Е. Ахинжановқа дипломатиялық миссиясында табыс тілеп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту өзара өркендеу мен дамуға ықпал ететініне сенімін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға