Жаңалықтар

Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 22.06.2024 14:14 929

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың қазіргі Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадорға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, рәсім Ұлттық сарайда өтті.

Қысқаша cұхбат барысында Т.Пірімбетов Мексика мемлекет басшысын қоғам мен мемлекетті жан-жақты және іргелі жаңғыртуға бағытталған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті.

А.Лопес Обрадор екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, оның ішінде халықаралық аренада Мексика-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін, сондай-ақ Астанада Мексика дипломатиялық өкілдігін ашу ниетін растады. Кездесу соңында қазақстандық дипломатқа жұмыста табыс тіледі.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексиканың Сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибарра қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға