Жаңалықтар

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі
Фото: ©EL/Амангүл ТИЛЕЙ 19.05.2023 09:00 1969

Қазақстан электролиз зауыты өнімділігі жылына 136 мың тонна күйдірілген анод пен салмағы 20 келі тартатын «қанатты» металл құймаларын шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұрын өндіріске қажетті анодты Ресей мен Қытайдан әкелетін болса, қазір "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар соғылған құймалар отандық өнімнен жасалады. Яғни кәсіпорын бүгінде импортқа тәуелділіктен арылған. Біз монтаж жасалған саңылаулары бар күйдірілген анодты және таза алюминийді өз көзімен көрдік.

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі

Айта кетейік, Қазақстан электролиз зауыты 2007 жылы салынған. Алюминий  өндірудегі басты шикізат алюминий тотығы немесе глинозем деп аталады. Бұл Павлодар алюминий зауытынан алынады. Мұнда шикізатты балқыту жеткіліксіз болғандықтан, тотықтағы алюминий мен оттегінің ішкі молекулалық байланыстарын үзу қажет. Сол себепті тоқ анодтардың көмегімен өтеді.

Тоқтың әсерінен балқыған глинозем мен таза алюминий бөлінеді. Салмағы өте ауыр. Температурасы 958°C дейінгі жоғары амперлі электролизерлер үлкен күйдіру пешіне жіберіледі. Салмағы 20 келі болатын алюминий құймасын алу үшін металл арнайы қалыптан, құйма қалыптарға құйылады. Арнайы желіден өткен құйма сұйық күйден қатты күйге ауысады.

Электролиз цехының бастығы Ринат Қапановтың айтуынша, жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі.

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі

Бір қаптамада орта есеппен 1 тонна 50 кг тартатын алюминий бар. Шетелге экспортталады. Өзбекстан, Ресей елдері көп тұтынады. Ішкі нарықта да сұранысқа ие. Қазір геосасяи жағдайға байланысты Қытай мемлекеті де алады. Электролиз зауыты екі негізгі А, Б және С, Д корпусқа бөлінген. Жалпы 288 электролизер бар, – деді Қапанов.

Сондай-ақ ол электролизерлердің 144-і А, Б және С, Д корпусында екенін айтты. Зауыттың ең басты негізгі құралы электролиз деп отыр. Бүгінде кәсіпорында 2,5 мың адам жұмыс істейді. Зауытта қарапайым жұмысшыдан бөлім бастығына дейін көтерілу мүмкіндігі бар көрінеді. Ринат кәсіпорынның құрылып, өндірістің басталғанын өз көзіммен көрген. Бүгінде жас мамандарды тартуда жұмыс істеп жатыр. Оларға көптеген бағдарлама бар. Өзі алғаш рет зауытқа 2008 жылы жүк тасымалдаушы болып орналасып, кейіннен электролизге ауысып оператор болып жұмыс істегенін тілге тиек етті.

Сонымен Қазақстан электролиз зауыты 2010 жылдан бастап толық қуатында жұмыс істеп келеді. Жаңа технолоигия және инновациялық бағыт бойынша салынған зауыт қарапайым жұмысшылардың әлеуметтік мүдделерін жақсартуда және отандық өнімді өндіруде маңызды орын иеленіп отыр.  

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі

Қазақстан электролиз зауытында жылына 265 мың тонна алюминий өндіріледі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға