Жаңалықтар

Қазақстан экономикасының өсуі I тоқсанда 4,9% құрады

Қазақстан экономикасының өсуі I тоқсанда 4,9% құрады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 19.04.2023 10:04 760

Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шығып отыр. Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады. Елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді, - деді Смайылов.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд болды. Ал жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асты.

Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады (бір жыл бұрын 33,5%), - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға