knews.kz

Қазақстан экономикасын ЖИ мен цифрлық технологиялар қалай өзгерте алады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекет пен бизнестің диалогын жаңарту қажеттігін атап өтті. Цифрлық технологияларды және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың маңызды екенін баса айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы әлемдік экономиканы түбегейлі өзгерістердің алдында тұрғызуда. Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай ИИ әлемдік ЖІӨ-ге 17-26 трлн доллар қосуы мүмкін және 78 млн жаңа жұмыс орындарын құруы ықтимал. Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллекттің енгізілуі 14-20 млрд доллар көлемінде әсер етуі мүмкін, - деді Президент.

Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан осы мүмкіндіктерді толық пайдалана білуі керек. Сонымен қатар, мемлекет бизнеске қолайлы цифрлық экожүйе қалыптастыруды бірінші кезектегі міндет ретінде қарастырады.

eGovBusiness платформасының іске қосылуы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырды, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетті және қағазбастылықты азайтты. Биылғы жылы бұл қосымша арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 4,6 млн-нан асты. Енді платформаны Цифрлық бизнес картасымен интеграциялау жұмыстары аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтерді де осы платформаға қосу қажет. Бұл кәсіпкерлерге барлық қызмет түрлерін бірегей платформа арқылы алуға мүмкіндік береді. Платформа сондай-ақ жасанды интеллект арқылы кешенді кеңестер ұсынады. Мұндай қадамдар әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен ашықтығын арттырады, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.