Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өсті – Мемлекет басшысы

Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өсті – Мемлекет басшысы
Фото: Akorda.kz 01.01.2024 01:22 1578

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алып отырғанын және өткен жылдың жарқын сәттерге және маңызды оқиғаларға толы болғанын атады. Атап айтқанда, өткен жылы ел экономикасының даму қарқыны 4,9 пайызға өсті.

Қазақстан ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүддесіне сай келетін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, халықаралық аренадағы беделін арттыра түсті. Бір сөзбен айтқанда, осы жыл біздің еліміз үшін мол табысқа, жарқын сәттерге және маңызды оқиғаларға толы болды. Жалпы, экономикамыз 4,9 пайызға өсті. Тұтас жұрт болып көптеген өзекті мәселені шеше бастадық. Осылайша, еліміздің дамуына тың серпін бердік. Ең бастысы, біз жалпыға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Жүргізілген реформалар өз жемісін бере бастады. Бұл – бәрімізге ортақ іс. Сондықтан мен осы маңызды жұмысқа атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, - деді Қ. Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға