Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсті

Үкімет отырысында Әлібек Қуантыров 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады
Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсті
Фото: nalogikz.kz 11.01.2023 09:51 1393

Ішкі және сыртқы теріс факторларға қарамастан 2022 жылы Қазақстан экономикасы 3,1 тұрақты өсімді құрады. Инвестициялардың өсу қарқыны 7,8%-ды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Экономика динамикасының өсу қарқыны бірқалыпты. Жалпы ішкі өсім – 3,1 пайызды құрады. Өткен жылы құрылыс саласының экономикасы 9,4%-дық көрсеткішпен бірінші орынды. Басқа да нақты секторлар бойынща өсім 3,2%. Инвестиция да тежеліп қалмады, 2022 жылы 7,8%-ға артты», деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министр баяндасында кейбір салалар көрсеткішінің төмендегенін жасырмады. Тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу бойынша бір пайыздан аспайтын төмендеулер болды дейді.

«Барлық салаларға мемлекеттік тараптан қолдау көрсетіліп жатыр. Дегенмен кейбір көрсеткіштер төмендеуде. Тау-кен өнеркәсібінің экономикасы 1%-ға төмендеді. 2023 жылға жаңа жобалар аясында жобалар қабылданады», - дейді ол.

Сөз соңында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынды. Баға, инвестиция, экспорт, шағын және орта бизнесті қолдау. Әр салаға белгіленген қолдау шаралары бойынша қызмет көрсету міндеттелді.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Үкімет құрамына жаңадан енген министрлер ант берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға