Ijf.org

Қазақстан дзюдошыларын алда жауапты сындар күтіп тұр

21.02.2026 15:20

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық маусымның кезекті кезеңдеріне қызу дайындық үстінде. Ақпан айының соңы мен наурыз айының басында отандық балуандар Tashkent Grand Slam турнирінде татамиге шығады.

Ал 6-8 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында өтетін Linz Grand Prix кезеңінде ел намысын 28 спортшы қорғайды.

Ташкент татамиіндегі сенім артылған 12 балуан

Дәстүрлі Ташкент Гранд Слэмінде бапкерлер құрамы 12 дзюдошыға сенім білдіріп отыр. Бір ерекшелігі, бұл жарыста -90 келі салмақта қазақстандық балуандар белдеспейді. Қалған салмақ дәрежелерінде мықтылар іріктелген. Олар:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Нұрқанат Серікбаев
73 кг: Аңсарбек Ғайнулин, Әнуар Жұмагелдин
81 кг: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
-100 кг: Бағжан Байтас, Бейбіт Мәдиев
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Линц Гран-приі: 28 балуан бақ сынайды

6-8 наурыз күндері Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне Қазақстан құрамасының 28 спортшысы қатысады. Бұл жарыс әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар үлестіретін беделді сындардың бірі.

Ерлер құрамасы:

60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов
100 кг: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер құрамасы:

48 кг: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 кг: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 кг: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
70 кг: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
78 кг: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Айта кететін жайт, 7–8 ақпанда Парижде өткен Гранд Слэм бәсекесінде қазақстандықтар үш қола медаль иеленіп, маусымды табысты бастаған еді. Сол жарыста Маңғыстау облысының өкілі Бауыржан Нарбаев та ел намысын қорғады.

Алдағы Ташкент пен Линц кезеңдері - ұлттық құрама үшін әлемдік рейтингте позицияны нығайтып, халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру тұрғысынан маңызды сынақ. Бапкерлер штабы жас әрі тәжірибелі балуандардың үйлесіміне сенім артып отыр. Осылайша, көктемгі маусым Қазақстан дзюдошылары үшін шешуші кезеңдердің бірі болмақ.