Қазақстан дзюдошылары Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды
08.11.2025 16:42
Фото:
ҰОК/Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
60 келіге дейінгі салмақта Давлатов жартылай финалда Мысыр өкілі Махмуд Хуссейнді жеңді.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Еренқайыпов жартылай финалда БАӘ спортшысы Нармандх Баянмухадан басым түсті.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Самалай Ерғалиева үшінші орын үшін белдеседі. Жартылай финалда ол Қырғызстан спортшысы Адина Кочконбаеваға жол берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

