Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары GRAND SLAM турнирін жалғыз жүлдемен аяқтады

Қазақстан дзюдошылары  GRAND SLAM турнирін жалғыз жүлдемен аяқтады
Фото: Дзюдо федерациясы 31.03.2024 18:46 608

Дзюдодан ұлттық құрама балуандары ANTALYA GRAND SLAM турнирін толық аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Турнирдің соңғы күнінде Әділет Сапарғалиев қана екінші айналым шықса, қалғандарының бәрі бірінші кезеңде есе жіберді.

90 кг: Әнуарбек Ермахан Даниэль Ниэтаға есе жіберді.

-100 кг: Шархан Нұрлыхан даниялық Мациас Маценге жол берсе, Әділет Сапарғалиев бірінші белдесуінде түркіменстандық Баймұрат Мажановты ұтты. Алайда екінші кезеңде Бразилия балуаны Леонардо Гонсалеске шамасы жетпеді.

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев ресейлік Евгений Ендовицскийдегн, Ғалымжан Қырықбай Эстония дзюдошысы Турк Прилиннен ұтылды.

-78 кг: Аруна Жангелдина Хорватия спортшысына есе жіберсе, Маргарита Гриценко ұлыбританиялық спортшыдан айла асыра алмады.

+78 кг: Ақерке Рамазанова оңтүстіккореялық спортшына жол берді. Мадина Парағұлова өзбек Рината Илматовамен ұтылды.

ANTALYA GRAND SLAM турниріне Қазақстан құрамасынан 20 спортшы барған болатын. Алайда солардың ішінен тек 48 келіде белдескен Абиба Әбіжақынова ғана қола жүлде иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға