ҚР ҰОК

Қазақстан дзюдошылары Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шықты. Алайда олардың ешқайсысы финалдық кезеңге жете алған жоқ.

Дәурен Сүйекенов пен Алдияр Қарғұлов (60 келіге дейін), Нұрмұхамбет Ботабай мен Ердәулет Босжа (66 келіге дейін) алғашқы айналымнан өте алмады.