Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары Анталья GRAND SLAM турнирінде белдесіп жатыр

Қазақстан дзюдошылары Анталья GRAND SLAM турнирінде белдесіп жатыр
Фото: Дзюдо федерациясы 31.03.2024 14:21 696

Қазақстан дзюдошылары бүгін ANTALYA GRAND SLAM 2024 турнирінің соңғы жарыс күнінде татамиге шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі сында ерлер 90, -100, +100 келіде күрессе, әйелдер -78, +78 келіде күресіп жатыр. Олардың қатарында 90 келіде Әнуарбек Ермахан бірінші белдесуінде  испаниялық Даниэль Ниэтомен күресте есе жіберді. Ал -100 келіде Шархан Нұрлыхан бірінші айналымда даниялық Мациас Маценге жол берді. Ал +100 келіде Ерасыл Қажыбаев бірінші белдесуін ресейлік Евгений Ендовицскийге қарсы өткізеді. Осы салмақта тағы бір отандасымыз Ғалымжан Қырықбай Эстония дзюдошысымен шеберлік байқасады. 

Ал әйелдер арасында -78 келіде Аруна Жангелдина ұлыбриталық спортшыға жол беріп, жарысты аяқтады. +78 келіде Ақерке Рамазанова бірінші белдесуін оңтүстіккореялық спортшымен күреседі. Осы салмақтағы Мадина Парағұлова өзбекстандық Рината Илматовамен сынға түседі. 

Кеше осы турнирде күрескен ұлттық құрама мүшелері жүлдесіз қалды. Ал турнирдің бірінші күнінде Абиба Әбужақынова  қола жүлдегер атанған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға