Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын жалғыз қоламен аяқтады
23.05.2024 19:07
Фото:
Olympic.kz
Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары жалғыз қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 мамырда басталған сынның алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова қола медаль иеленген соң өзге спортшыларымыз биіктен көріне алмады. Тек Елдос Сметов 5-ші орынға тұрақтап, өзгелері жоғары нәтижеден тыс қалды.
Бүгін татамиге шыққан Шархан Нұрлыхан, Ерасыл Қажыбаев, Кәмила Берліқаш есе жіберіп, жарыс жолынан шықты.
Ертең әлем құрамалары аралас команда бойынаш сынға түседі. Әр құрамадан 3 ер, 3 әйел дзюдошы өзара мықтыны анықтайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

