parlam.kz

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты - Мәулен Әшімбаев

24.11.2022 11:26

Сенат отырысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде өткен Президент сайлауының қорытындысына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат Спикері Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында белгілеп берген маңызды міндеттерді іске асыру үшін Парламент ауқымды жұмыс атқаруы қажет екенін айтты.

«Бұл сайлау – Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды. Енді алдымызда Президентіміз айқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру жолындағы ауқымды жұмыс күтіп тұр», – деді Мәулен Әшімбаев.