Жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған көрмеге қатысты

Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған көрмеге қатысты
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 26.11.2023 02:24 853

Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың қатысуымен «Орнықты даму мақсатында өңірлік ынтымақтастық» тақырыбында SPECA-ға қатысушы елдердің қатысуымен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрме  өтті.

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынды.

Өнімдер металлургия өнеркәсібінен, оның ішінде қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен ұсынылған.

Сонымен қатар, қазақстандық стендке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылар, оның ішінде Әзербайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға