Жаңалықтар

Қазақстан БРИКС кеңістігінде тығыз ынтымақтастыққа дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан БРИКС кеңістігінде тығыз ынтымақтастыққа дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда 24.10.2024 16:23 325

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+» аутрич форматындағы жиынында сөйлеген сөзінде БРИКС кеңістігінде Қазақстан тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпаратт агенттігі.

Президент өз сөзінде еліміз сауда және инвестициялар, IT технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру және туризм сияқты негізгі секторларда өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге тырысатынын атап өтті.

Қазақстан БРИКС кеңістігінде транзиттік-көліктік өзара іс-қимылды нығайту үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын. Біздің еліміз «Бір белдеу – бір жол» бастамасын, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға және Азия мен Еуропаны Қазақстан арқылы Каспий теңізі арқылы жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен ұштастыруға ерекше мән береді, – деді қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін БРИКС + шеңберінде сенімді әріптестік қатынастарды қалыптастыруға ұмтылмақ. Айта кетейік, саммитке 36 елдің өкілдері және 6 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысты, сондай-ақ жоғары деңгейдегі 20-ға жуық делегация келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға