Қазақстан бокстан Әлем кубогының кезеңінде үш алтын медальға қол жеткізді
06.04.2025 13:32
Фото:
ҰОК
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуға тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.
Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді.
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.
Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

