Жаңалықтар

Қазақстан биологиядан халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды

Қазақстан биологиядан халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 14.06.2024 13:49 748

9-14 маусым аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан) өткен биология пәнінен Авиценна атындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиада 18 елден келген 100-ден астам оқушы арасында өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының атынан сегіз оқушы қатысып, 8 медаль ұтты:

Күміс медаль - Амина Тынарбай, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Күміс медаль - Ғалымжан Бақтыбай, «Білім-инновация» дарынды ұлдарға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, Астана қаласы;

Күміс медаль - Дана Амангелді, Астана қаласы Nurorda мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Күміс медаль - Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Қола медаль - Нұртөре Төреханұлы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Айғаным Балташова, Астана қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Аружан Алмашова, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Рауан Есен, Жамбыл облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Асқар Маратұлы Мажикенов - Назарбаев Университетінің магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биология пәнінен құрама команданың жаттықтырушысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға