Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
21.09.2025 19:03
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды.
Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52,200 ұпай иеленді.
Екінші орынды Германия спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) алды.
Үшінші орынға Ұлыбритания спортшылары Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) тұрақтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

