"Қазақстан барысының" алғашқы финалисі анықталды
02.07.2023 18:59
Фото:
Қазақстан барысы
"Қазақстан барысы" республикалық турнирінің финалдық сынында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған сынның жартылай финалында Нұрдәулет Жарылғапов павлодарлық Мұхтар Дәлелханұлын кездесу аяқталуға 27 секунд қалғанда алып соқты. Ширек финалда ол Жетісу облысының балуаны Руслан Әбдіразақовты айқын басымдықпен ұтты.
Енді ол финалда Қостанай және Жамбыл облысы балуандарының жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.
"Қазақстан барысы" турниріне биыл 41 балуан қатысқан болатын. Аталған сында былтырғы чемпион Мақсат Исағабылов іріктеу кезеңдерінде ұтылып қалды. Ал Н.Жарылғапов осымен екінші жыл қатарынан финалға шығып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

