«Қазақстан барысы» турнирінің даңқты жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толды
Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толып, мерейтойын Тараз қаласында атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараздағы "Дубай Холл" мейрамханасында өткен тойға оның отбасы мен туған-туыстарынан бөлек спорттағы әріптестері мен жақын достары жиналған. Сондай-ақ, танымал спортшының мерейтойына әр өңірден белгілі спортшылар мен бапкерлер, өнер жұлдыздары келді. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов те бар.
Бейбіт Ыстыбаевтың даңқы қарсыласы, 2016 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалында күрескен балуан Жұманазар Ерсұлтанов өзінің қарсыласын ерекше құттықтады.
Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде чемпион атанған. Сонымен қатар, ол 2011 жылы күміс белбеу иегері атанған еді.

