Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирі өз мәресіне жетті
12.05.2024 20:32
Фото:
t.me/kazjudoteam
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған турнир Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы Grand Slam кезеңі болатын.
Байрақты бәсекеде 84 елдің 450 спортшысы бақ сынады. Қазақстан құрамасы әлемдік додада 1 алтын, 3 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте үздік бестікті қорытындылады.

