Жаңалықтар

Qazaqstan Barysy Grand Slam: 11 мамырда татамиге кімдер шығады

Qazaqstan Barysy Grand Slam: 11 мамырда татамиге кімдер шығады
Фото: instagram.com/kaz_judoteam 11.05.2024 07:33 798

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші жарыс күнінде татамиге шығатын спортшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, 11 мамыр күні ерлерден екі, әйелдерден екі салмақта үздіктер анықталады: ерлер – 73 келі және 81 келі; әйелдер – 63 келі және 70 келі.

Ерлер арасында 73 келіде еліміздің атынан Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов бақ сынаса, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді жүлдеге таласады.

Әйелдер арасында 63 келіде Эсмигүл Құюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова, ал 70 келіде Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова татамиге шығады.

Айта кетейік, елорда өтіп жатқан аламанға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға