Қазақстан балуандары Польшадағы турнирде тағы екі медаль иеленді
01.08.2025 19:05
Фото:
uww.org
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізген. Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

