Жаңалықтар

Қазақстан Азия ойындарын 11-орынмен аяқтады

Қазақстан Азия ойындарын 11-орынмен аяқтады
Фото: Сали Сабиров 08.10.2023 23:26 1034

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары ХІХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан бұл жолы 11-орынмен шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандастарымыз Қытай елінен 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль бар. Көш басында жарыс қожайындары. Олар алтынның санын 200-ден асырды. Екінші орынға Жапония көтерілсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Үндістан алғаш рет төртінші орынға тұрақтады.

1. Қытай – 201-111-71 (383)

2. Жапония – 52-67-69 (188)

3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)

4. Үндістан – 28-38-41 (107)

5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)

6. Қытайлық Тайпэй – 19-20-28 (67)

7. Иран – 13-21-20 (54)

8. Таиланд – 12-14-32 (58)

9. Бахрейн – 12-3-5 (20)

10. Солтүстік Корея – 11-18-10 (39)

11. Қазақстан – 10-22-48 (80).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға