Қазақстан азаматтары халықаралық жүргізуші куәлігін қалай алады
Қазақстан азаматтарына халықаралық жүргізуші куәлігін (ХЖК) рәсімдеу халықаралық стандарттар мен арнайы аккредиттеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сондықтан азаматтарға мұндай құжатты ұсынатын ұйымдардың заңды өкілеттігін алдын ала тексеру қажет. Бұл жарамсыз немесе заңсыз құжат алып қалмау үшін маңызды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктерге утильалым өсуі мүмкін
- Апатты жолдар: Қазақстандағы қауіпсіздік дағдарысы қашан шешіледі?
- Уақытпен тайталасқан сұлулық: тарихтағы ең әдемі Maserati модельдері
Халықаралық жүргізуші куәлігін беруге құқығы бар ұйымдар
Қазақстан аумағында ұлттық жүргізуші куәлігін аудару, халықаралық жүргізуші куәлігін рәсімдеу және беру саласында ұйымдарды аккредиттеуге құқығы бар жалғыз халықаралық ұйым бар – ол 2002 жылы құрылған International Federation of Autotourism (IFA). Бұл ұйым Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми тіркелген.
Ал Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігін рәсімдеуге және беруге аккредитация алған жалғыз ұйым – International Drivers Association (IDA). Ол бұл қызметті 2012 жылдан бері атқарып келеді.
IDA ұйымының аймақтық үйлестірушісі Курванжан Керимовтің айтуынша, бұл құжатты еліміздің бірқатар қаласындағы ХҚКО-лардан алуға болады.
Халықаралық жүргізуші куәлігі – ұлттық жүргізуші куәлігінің қосымшасы. Ол шетелде автокөлік жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл құжатты Атырау, Шымкент, Алматы және Астана қалаларындағы арнайы ХҚКО-ларда орналасқан IDA филиалдарынан, сондай-ақ Алматыдағы бас кеңседен рәсімдеуге болады. Ол үшін ұлттық жүргізуші куәлігі, төлқұжат және жеке фотосурет қажет. Халықаралық жүргізуші куәлігі – ұлттық құқықтың 11 халықаралық тілге аудармасы саналады және Қазақстан аумағында жарамсыз, шетелде ғана қолданылады, – деді ол.
Қазіргі таңда Қазақстанда алаяқ сайттар мен жалған ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Олар IDA-дің атауын, логотипін және басқа да сәйкестендіру белгілерін көшіріп, өздерін ресми өкіл ретінде көрсетеді. Мұндай ресурстар жалған аккредитацияларды, ойдан шығарылған халықаралық ұйымдарды алға тартады. Аталған құрылымдар арқылы рәсімделген құжаттар заңсыз әрі жарамсыз саналады және шетелде мойындалмайды.
Халықаралық жүргізуші куәлігі әсіресе Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Латын Америкасы елдеріне барғысы келетін қазақстандықтар үшін маңызды. Себебі бұл өңірлерде автокөлік жалдау үшін ХЖК талап етіледі. Құжатты қабылдайтын елдердің тізімі IDA-дің ресми сайттарында жарияланған.
Халықаралық жүргізуші куәлігін қайдан рәсімдеуге болады?
Қазақстандағы IDA-дің ресми сайты – ida.kz. Ал халықаралық жүргізуші куәлігін беру департаментінің жалғыз ресми порталы – i-d-a.kz.
IDA өкілдіктері Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларындағы арнайы ХҚКО-ларда жұмыс істейді. Бұл – ұйымның Қазақстан үкіметімен жасалған ресми келісім негізінде қызмет ететінін және ел аумағында ХЖК беруге заңды түрде уәкілеттігі бар жалғыз ұйым екенін растайды.
ХЖК ұсынатын ұйымның заңдылығын қалай тексеруге болады?
Егер шетелде IDA берген халықаралық жүргізуші куәлігі бойынша құқық қорғау немесе мемлекеттік органдар тарапынан сұрау түссе, IDA өз қызметінің заңдылығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми түрде растай алады.
Ұйымның өкілеттігін тексеру үшін:
International Federation of Autotourism (IFA) ұйымына ресми сұрау жолдап, аккредитациясының бар-жоғын анықтау;
Ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткен-өтпегенін Egov.kz порталы мен ҚР Әділет министрлігінің заңды тұлғалар реестрінен тексеру ұсынылады.
Егер ұйым ресми реестрде тіркелмесе немесе көрсетілген қызмет түрі нақты қызметіне сәйкес келмесе, онда оның әрекеті заңсыз деп есептеледі.
Бұған дейін депутат Қазақстанда қытай автокөліктеріне талаптарды күшейту туралы дабыл қақты. Сонымен қатар автолизингтің неге тоқтап қалғаны туралы жазғанбыз.

