Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің нәтижесі бойынша Қазақстан қауіпсіздік стандарттарына (security) 95,7% сәйкес келетінін көрсетті. Бұл - әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі және ТМД елдері арасында үздік нәтиже, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салыстыру үшін:
• Әлемдік орташа деңгей — 72%
• Орташа еуропалық — 87,9%
• Қазақстан — 95,7%
5–7 қыркүйек аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы да ИКАО аудитінен өтті. Аудит барысында бақылау процестері, персоналды дайындау, тәуекелдерді басқару және қызметтердің өзара әрекеті әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес екені расталды.
Бұл — салаға деген сенім мен тұрақтылықтың, процестер ашықтығының және қауіпсіздікті басқарудың жетілген деңгейінің белгісі. ИКАО талаптарына жоғары сәйкестік Қазақстанды халықаралық авиакомпаниялар, инвесторлар және жаңа бағыттар үшін тартымды етеді.
Әуежай сала мамандарына — әуежай және авиакомпаниялар жұмыскерлеріне және мемлекеттік органдарға алғысын білдіреді. Бұл — кәсіби шеберлікке, жүйелі тәсілге және әлемдік стандарттарға сай болуға ұмтылысқа негізделген бірлескен еңбек.
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша көш бастады
09.11.2025 13:47
Фото:
El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

