pixabay.com

Қазақстан аумағында қар жауып, көктайғақ болады

23.10.2022 10:23

Қазгидромет синоптиктері 23 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Солтүстік циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын жауады.

Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады (қар, жаңбыр).

Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.