Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанға дәнді дақылдарды Өзбекстан арқылы жеткізеді – Жұманғарин

Қазақстан Ауғанстанға дәнді дақылдарды Өзбекстан арқылы жеткізеді – Жұманғарин
Фото: © El.kz 05.06.2024 15:14 449

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-премьер Қазақстан Ауғанстанмен бидай, ұн экспортын арттырып жатқанын атап өтті.

Біз Ауғанстанмен дәнді дақылдардың экспортын арттыруды көздеп отырмыз. Ол үшін арнайы маршруттар қарастырылып жатыр. Дәнді дақылдарды Сарыағаш, Келес маршруттары арқылы Ауғанстанның Мазари шариф қаласына жібереміз. Ол үшін бүгіндікке жеткілікті қаржы көзі қарастырылды. Қазақстан тарапымен де, Өзбекстан тарапымен де инфрақұрылым ескірген. Сондықтан біз ең алдымен 2025 жылы іске қосылатын Дарбаза-Мақтаарал жаңа тас жолдардың жұмысына мән береміз. Бұл жерде ауқымды, халықаралық деңгейдегі өнеркәсіпті дамытуды көздеп отырмыз. Бұл жаңа жолдар Өзбекстанның Сырдария станциялары арқылы өтетін болады, - деді Жұманғарин.

Серік Жұманғарин Қазақстан сауда маршруттарын Өзбекстанның Бұқара қаласы арқылы Ауғанстанға жеткізу көзделгенін айтты.

Әріптестеріміз Ауғанстанның батыс бөлігіне көбірек мән беруді сұрады. Онда Герат қаласы орналасқан. Оның жанында Қорасан қаласы бар.
Екі ел арасындағы келісімге байланысты біз алдағы уақытта өнеркәсіп инфрақұрылымына қатысты Ақтау қаласында үлкен форум өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға