Жаңалықтар

Қазақстан атауын кіші әріппен жазған Земфира сынға ұшырады

Қазақстан атауын кіші әріппен жазған Земфира сынға ұшырады
Фото: t.me/zemfira 23.08.2023 10:20 1205

Рок-әнші Земфира Қазақстанда өткен гастрольдерінің ұйымдастырылуын сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үш түрлі концерт, сан-саққа жүгірген ойлар. Қазақстандағы ұйымдастырылуы өте нашар болды. Кәсібиліктің арқасында алып шықтық. Бірақ басқасы, сүйкімді маркиза… рахмет, - деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Оқырмандар рок орындаушысының бұл жазбасының астында мыңға жуық пікір қалдырған. Қолданушылар Қазақстан сөзін кіші әріппен жазып, жанкүйерлерге құрметсіздік танытқан әншіге ренжулі.

«Земфира, есіңізде көрермендердің махаббаты мен алғысы емес, концерттің ұйымдастырылуы ғана қалғаны өте өкінішті. Елдің атауы бас әріппен жазылады! Сіздің концертіңізге билеттің құны әлем танитын Вlack eyed peas тобымен бірдей болды. Ал олар әлеуметтік желіде жанкүйерлерге алғысын жаудырып жатты. Сіздің мұндай сезімді бастан өткермегеніңіз өте өкінішті. Сіздің елде концертті жоғары дәрежеде ұйымдастырады деген ойдаймыз, сонда барыңыз, соған лайықсыз», «Қиындық бола қалса, Қазақстанға келесіз, қиындық аяқталған соң бізді ұмыта берсеңіз болады. Иә, мен сіздің жанкүйеріңіз едім, бірақ елімнің атауын кіші әріппен жазылғанын көрген ұнамайды. Тыңдарманға бір ауыз жылы сөз айтуға жарамапсыз. Бірақ сіз кім, мен кім…» - деп жазған оқырман қауым.

Пікір қалдырғандар арасында дыбыстың шынымен де нашар болғанын айтып, ұйымдастырушыларды сынағандар да бар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Земфира (@zemfiralive)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға