Жаңалықтар

Қазақстан әскері қандай жаңа техникамен қамтамасыз етілді

Қазақстан әскері қандай жаңа техникамен қамтамасыз етілді
Фото: Қорғаныс министрлігі 07.08.2024 09:24 449

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің оқу-материалдық базасын белсенді дамытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәдліметінше, жыл соңына дейін жаңа тренажерлерді жеткізу және жерүсті оқу-жаттығу жабдықтарын жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Техниканы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл әскерлерге 500-ден астам жаңа техника, соның ішінде «Арлан» және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары, SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешені және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелері келіп түсті. Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ ANKA пилотсыз ауыр класты кешенді тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілуде. А400М бірінші ауыр жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақ жеткізіледі деп күтілуде, - делінген мәліметте.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға