"Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы анықталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
19.11.2022 10:38
Фото:
Артур Алипов
"Қазақстан аруы-2022" байқауына 20 мыңнан астам ару өтініш білдірген. Олардың ішінен 23 ару таңдалып алынған, деп хабарлайды El.kz.
Байқауда қазылар алқасының мүшелері шоу бизнес өкілдері болды. Соның бірі-ресейлік әнші Светлана Лобода да болды.

"Негізгі мұндай байқаулар өте көңілсіз өтетіні бар. Бірақ Қазақстандағы бұл байқау өте тамаша өтті. Көңілім толып, риза болып тұрмын. Ұйымдастырушылардың үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны көрініп тұр", - деді Светлана Лобода.

Екі сағатқа созылған байқауда қыздар төрт рет сахна төрінде сән үлгілерін көрсетіп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын арулардың мықтылары таңдалып алынды. Бірінші кезеңде 12 ару озық шықса, қазылар алқасының шешімімен үшінші кезеңде қатарластарынан басым түскен бес ару таңдалып алынды.

Қыздардың сұлулықтары ғана емес, бағындырған биігі, жеткен жетістігі де таразы басына салынды. Ақтық кезеңде бес сайыскердің ішінен 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова бас жүлдені иеленіп, "Әлем аруына" жолдама және 5 млн теңге алды. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының бірінде тегін білім алады.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

